«Өрнек» жазғы ауысымның аяқталуы

21 тамыз күні “Өрнек” лагерінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына жол бермеу» жобасы аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» тілдік және этникалық белгілері бойынша ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаудың кез келген нысандарына қарсы түсіндірме тренингін өткізді.

Алматы қаласы Білім басқармасы ШЖҚ «Оқушылар сарайы» МКК “Өрнек” лагерінде жазғы демалыс аяқталуға таяу қалды. 9 маусым мен 24 тамыз аралығында лагерьде 8 ауысым өткізілді.

Жазғы кезеңде “Өрнек” лагерінде 900 бала демалып, жаңа достар тауып ортасын кеңейтті: “Ақ шағала” республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының 160 қатысушысы, “Жас Ұлан” республикалық ұйымының Алматы қалалық филиалының 248 жас көшбасшысы, “Жанұя” балаларға арналған мамандандырылған кешеннің жас тәрбиеленушілері 2 ауысымда (84 бала, 69 бала), әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 339 бала.

Әр ауысым – бұл ғылыми жаңалықтар, көркем шығармашылық, спорттық жарыстар, конкурстар, мастер-класстар әлеміне қызықты саяхатқа толы болды.