Алматы қаласы Оқушылар Сарайында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні мен Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу аясында Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған қалалық сурет байқауының іріктеу кезеңі аяқталды. 16 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ұйымдастыру комитетіне Алматы қаласының 7 мен 14 жас аралығындағы суретшілерден шағын 118 жұмыс келіп түсті. Әділ қазылар, оның құрамына Қасымов Досбол Максутович, Бектаев Бауыржан Жаканович, Ван Ципин кірген қазылар алқасы тақырыпты ашудағы өзіндік көзқарасты, шығармалардың жарқындығы мен өзіндік ерекшелігін атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша 20 – 30 қазан аралығында Алматы қаласы Оқушылар сарайының көрме залында ұсынылатын 60 үздік жұмыс анықталды. Біз баршаңызды біздің Оқушылар сарайымызға Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен қала әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өтетін марапаттау рәсіміне шақырылатын жеңімпаздарымыздың есімдерімен таныстыруға қуаныштымыз.