Біз бақытты баламыз

Алматы қаласы Білім басқармасы “Оқушылар сарайы” МКҚК Үлкен концерт залында 2019 жыл 29 мамыр күні “Біз бақытты баламыз” атты 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты есептік концерт өткізілді. Есептік концертте жыл бойы сахнада өз өнерлерін ортаға салып жүрген білім алушылар, әртүрлі спорттық жарыс жеңімпаздары мен ауданаралық, қалалық, республикалық байқаулар, фестивальдар мен жарыстар жүлдегерлері марапатталды.