НҰР-СҰЛТАН – ГҮЛДЕР ҚАЛАСЫ!

Гүл- табиғаттың көркем сыйы. Гүл- даланың да, қаланың да көркін ашып, сұлулық сыйлайды. Халқымыз ару қызын гүлге теңейді. Әдемілік атаулыны гүлмен байланыстырады. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанның мерекесіне орай Оқушылар сарайы Экология-биологиялық бөлімінде “Нұр Сұлтан- гүлдер қаласы!”, атты балғын бояу шеберлерінің байқауы өткен еді. Байқауға 5-6, 7-10, 11-15 жастағы білім алушылар қатысты. Өз армандарын бояу тілімен жеткізген жеңімпаздардың есімдері анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.