Оқушылар сарайының білім алушылары Мемлекеттік рәміздер күніне арнап флешмоб өткізді. Олар жұдырықтай жүректерінің тұсына оң қолдарын қойып, мемлекеттік әнұранды орындады. Жүздері бал-бұл жанған балалар өздерінің бақытты елдің ұланы екенін мақтан тұтып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Біз Мемлекетіміздің рәміздері жайында балаларға тек 4-маусым күні ғана емес, күнде айтып отыруға тиіспіз. Отансүйгіштік, мемлекетімізге деген адалдық, әдет-ғұрып, діл, тіл, барлық құндылыққа деген құрмет рәміздерімізді ұлықтаудан басталады.
Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатбекқызы.