Оқушылар сарайының білім алушылары Мемлекеттік рәміздер күніне арнап  флешмоб өткізді. Олар жұдырықтай жүректерінің тұсына оң қолдарын қойып, мемлекеттік әнұранды орындады.  Жүздері бал-бұл жанған балалар өздерінің бақытты елдің ұланы екенін мақтан тұтып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Біз Мемлекетіміздің  рәміздері жайында  балаларға тек 4-маусым күні ғана емес, күнде  айтып отыруға тиіспіз.  Отансүйгіштік,  мемлекетімізге деген адалдық, әдет-ғұрып, діл, тіл, барлық құндылыққа деген құрмет рәміздерімізді ұлықтаудан басталады.

Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатбекқызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДВОРЕЦ ШКОЛЬНИКОВ |АЛМАТЫ (@dvorec_almaty)