Қыз сыны байқауы нәтижелері

Алматы қаласы Білім басқармасы «Оқушылар сарайы» МКҚК         2019  жылдың сәуір айының 17 жұлдызында   қыз сыны байқауы өтті. Байқауға қала бойынша он екі бойжеткен ару қатысып, өзара өнерлері мен білімдерін ортаға салды.

Байқаудың басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақ қыз балалардың бойына қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын сіңіру.

 Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын,  біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.

Бас жүлдеге Бекен  Алуа ие болды,  1 орын  Адашханова Аяулым,  1 орын  Даулетбекқызы Шынар, 2 орын  Тұңғатарова Айзере,  3 орын Ислямова Ажар ие болды және Әзімхан Айтолқын Бағдатқызы , Ахатқызы Нұрсара,  Бейсекен Хадижа,  Рахмжанова  Аружан Аскаровна,  Панская  Дарья,  Матайбек Ару,  Құрмашева Аяжан атты қыздарымыз өз өнерлерімен, біліктілігімен және сымбаттылығымен ерекшеленіп Бұрымды ару, Іздемпаз ару, Көрермен көзайымы Кербез ару,  Сүйкімді ару,  Инабатты ару , Сымбатты ару , Білімді ару,  Зерделі ару,  Өнерлі ару,  Көрікті ару,  Көктем аруы номинациялар бойынша  марапатталды.

Бойжеткен арулар қыз сынынан сүрінбей өтіп, дипломдар мен  сыйлықтармен марапатталды.