Category: Жаналыктыр

Тұңғыш Президенті туралы ақпараттық мұражайына оқушылармен экскурсия

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген онкүндікте «Ағылшын тілі» балалар ұйымы жетекшісі А.Е. Бекпейсова Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаев туралы «Мәңгілік Ел» ақпараттық мұражайына оқушылармен экскурсия жасады.  Экскурсия барысында педагог Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасы кітабының құжаттар көрмесімен таныстырды.

Экологиялық-биологиялық бөлімде конференциясы өтті

Бүгін экологиялық-биологиялық бөлімде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарының қазақ тіліндегі конференциясы өтті. Зерттеу жұмыстары -11, реферативтік жұмыстар – 12 данасы қаралды. Барлық балалар жұмыстарын өте батыл қорғады. Бұл олардың өміріндегі алғашқы ғылыми баяндамалары. Байқау жеңімпаздары 2019 жылдың 6 желтоқсанда жарияланады. Ертең орыс тілінде зерттеу жұмыстары байқауы өтеді.

Дзюдодан ашық республикалық турнир

Өткен жексенбі күні Оқушылар сарайының үлкен спорт залында “дзюдодан ашық республикалық турнир” өтті.  Педагог М.С. Мырзалиевтің тәрбиеленушісі Насипов Мади осы турнирде лайықты өнер көрсетіп, күміс медаль алып, 2 орынға ие болды.

Баскетболдан қалалық турнирдің төртінші туры өтті

Жәния Әубәкірованің авторлық колледжінің спорт залында баскетболдан қалалық турнирдің төртінші туры өтті. Оқушылар сарайы командасының қатысушыларын бастап барған жетекші В. В. Кулинич, ЦСКА командасының қатысушыларымен бірге төрт ойын қорытындысы бойынша бірінші турда екінші орынға ие болып, екінші турға өтті.

Зерделеу және пысықтау, жаңа тәсілдер

«Айкидо» балалар ұйымында  Д. Шуленбаев ашық сабақ өтті. Тақырыбы  “Зерделеу және пысықтау, жаңа тәсілдер”. Сабақ өте белсенді, жақсы қарқынмен өтті. Бірінші оқу жылындағы балаларға арналған жаңа материалға спорт рухын қосып үйретіп, күрес дағдыларын меңгеріп, мысалдар келтірді. Сабақ барысында жеке, жұптық және ұжымдық жұмыс түрлері қолданылды.  

Классикалық би сабағы

Бүгін Оқушылар сарайында “Арман” балалар бірлестігінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Г. С. Сарманова «Классикалық би сабағы» тақырыбы бойынша ашық сабағын өткізді. Педагогтің кәсіби жұмысы және қыздардың 100% ықыластылығы барлық қатысушыларды тамсандырды.  

«Аққан жұлдыз» тақырыбында әдеби көрме

Экология – биология бөлімшесінде педагог А.А. Касанова «Аққан жұлдыз» тақырыбында әдеби көрме өткізді. Балалар Шоқан Уалихановтың  өмірі мен қызметі жайында молынан мәлімет алдып ұлы ғалымның шығармашылығымен сусындап қайтты.

Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары

Алматы қаласы Оқушылар сарайы мен «Smart» өнер мектебі

«Эльза ханшайым мен Моананың таңғажайып оқиғалары»

атты музыкалық ертегісін ұсынады!

Біздің сүйікті кейіпкерлеріміз Эльза ханшайым мен Моананың жаңа жылдық оқиғалары сіздерді ертегі әлеміндегі таңғажайып сәттерге бөлейді! Балалар спектаклі мен жаңа жылдық шырша, мультфильм кейіпкерлері, ойындар мен шоу бағдарламалары сіздерге жаңа жылдық көңіл күй сыйлайды!

Бұл сценарий  4-16 жастағы балалардың Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізуге арналған сценарий. Сценарий жобасы балалардың мерекесін заманауи үлгіде өткізуіне бағытталған. Балалардың жақсы көріп кеткен мультфилімдегі кейіпкерлерін, қазақ тілде сөйлетіп, осы кейіпкерлер арқылы адам арасындағы сыйластыққа, достыққа, өзгелерді жақсы көруге, мәдениеттілікке, талғампаздылыққа, өзін өзі еркін ұстауға  баулу.

Музыкалық қойылымның ұзақтығы 1 сағат. Қойылымдағы персонаждар балалар мен жасөспірімдерге танымал мультфилім кейіпкерлерімен жақындаса түсіп оларды сахнада көру мүмкіндігіне ие болады. Ханшайым Эльза, Кристофф ханзада, Олаф, Моана, мистер Гринч, Малефисента, және т.б кейіпкерлер Жаңа жылдық мерекені әрлендіре түседі.

Сіздерді естен кетпес қызықты оқиғалармен шоу бағдарлама күтеді!

Спектакль ұзақтығы: 1 сағат 00 минут

Жаңа жылдық шырша: 30 минут

2019 жылдың 23-30 желтоқсан аралығында.

уақыты: 11:00 – 12:30; 15:00 – 16:30;

Байланыс телефоны: 87780016969; 8(727) 263 28 99;