«Тау туризмі» үйірмесі балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына үйрету және балалар мен жасөспірімдер арасында туризмді насихаттау мақсатында құрылған. Үйірмеде педагогтар балаларға белсенді және спорттық туризмнің әдіс-тәсілдері мен тактикасын, топографиялық бағдарлауды, таулы аймақтардағы және табиғи ортадағы қауіпсіздік ережелерін, зардап шеккендерге көмек көрсету және құтқару жұмыстарының әдістерін үйретеді.

Үйірмедегі  іс-шараларға тауда серуендеу, тарихи орындарға экскурсиялар, өмір сүру дағдыларын үйрену және жерді бағдарлау кіреді. Балалар отансүйгіштік пен рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға ықпал ететін өз өлкесінің табиғи және мәдени байлықтары туралы біледі.