Қызметінің мәні

Оқушылар сарайы қызметінің мәні – балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік қызметтерді және қосымша ақылы қызметтер көрсету.

Негізгі міндеттері

мемлекеттік тапсырыстарды орындау арқылы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ғылым мен тәжірибе жетістіктерге негізделген жеке тұлғаны қалыптастыруға, кәсіби дамытуға бағытталған жоғары сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыстарды орындау және ақылы қызмет көрсету арқылы қосымша қаражат тарту

қосымша білім беру саласында халықаралық тәжірибені енгізу арқылы жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін жүзеге асыру

адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы интеллектін көтеру; азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу

Инфрақұрылым

Оқушылар сарайының бас ғимараты (Достық даңғылы, 124). Оқушылар сарайының ғимараты 12 павильоннан тұрады, пайдалы ауданы 35 382,2 ш.м. құрайды. Ғимаратта 596 орындық Үлкен концерт залы, спорт кешені (жүзу бассейні, ұлттық спорт түрлерімен, күрес және жекпе-жекпен айналысатын спорттық ойындар залы) бар.

Экологиялық-биологиялық бөлім (Щепкина к-сі, 27): оқу ғимараты, жылыжай, хайуанаттар бағы, жалпы ауданы 4 108,7 кв.м.

Туризм және өлкетану бөлімі (Айнабұлақ қ., 3, 167/1 корпус): оқу ғимараты, ауданы 535,8 ш.м. Туристік база (Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 309): оқу ғимараты, ауданы 493 кв.м.

Балалар джаз музыка мектебі (Щепкина к-сі, 27): жалпы ауданы 361,0 кв.м.

Қала сыртындағы «Өрнек» лагері (Қарасай ауданы, Долан елді мекені): жалпы ауданы – 3167 ш. м., тұрғын ауданы – 410,1 ш. м., жобалық қуаты – ауысымына 150 адам.

Тәрбие процесі

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша қосымша біліммен қамту 15100 баланы құрайды (үйірмелер мен секциялар, студиялар мен зертханалар, қысқа мерзімді бағдарламалар, іс-шаралар). Оқушылар сарайында 305 үйірме мен секция жұмыс істейді, оларда тиісті сала бойынша педагогикалық білімі бар 218 ұстаз сабақ беріп, шеберлік сағаттарын өткізеді.

 

Экология- биологиялық бөлім

Бағыттары: «Экология», «Жануарлар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Экология және адам денсаулығы», «Табиғат және фантазия». Қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу. Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Туризм және өлкетану бөлімі

Бағыттары: жас туристер, жорықтар, экологтар – өлкетанушылар, жас геологтар, тау туризмі, әдеби өлкетану, географиялық өлкетану.
Туристік жарыстарға, бір күндік және көпкүндік жорықтарға қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Балалар музыка мектебі

Бағыттары: фортепиано, скрипка, флейта, домбыра, қобыз, жетіген, гитара, саксофон, вокал және терме.
Қалалық, республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға, концерттік бағдарламаларға қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Балалар джаз музыка мектебі

Бағыттары: фортепиано, скрипка, гитара, бас-гитара, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар (труба, саксофон, тромбон, флейта), джаз және эстрадалық вокал.
Қалалық, республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға, концерттік бағдарламаларға қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын (хор).

Өнер бөлімі

Бағыттары: хореография (халық және заманауи би, балет, спорттық бал биі), вокал, актерлік шеберлік, домбыра, қобыз, фортепиано.
Қалалық, республикалық және халықаралық шығармашылық байқауларға, концерттік бағдарламаларға қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс.

Интеллектуалды және шығармашылық даму бөлімі

Бағыттары: қолданбалы өнердің ұлттық түрлері, бейнелеу өнері, киім дизайны және үлгілеу; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқу; пікірсайыс; орта мектеп оқушылары; инклюзивті білім беру.
Қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға, олимпиадалар мен турнирлерге қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Спорт бөлімі

Бағыттары: жүзу, шахмат, бокс, қазақ күресі (дзюдо), тоғыз құмалақ, волейбол, футбол, көркем гимнастика, таэквондо, каратэ-до, айкидо, катори шинтарю, қоян-қолтық ұрыс, грек-рим күресі, еркін күрес, кюдо, баскетбол.
Қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу.
Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

Ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімі

Бағыттары: обсерватория, аэро, планетарий, AR/VR, физика, химия, биология, гидропоника, нейротехнология бойынша ғылыми зертханалар; IT-бағдарламалау, 3D прототиптеу, робототехника және Lego+, өнеркәсіптік дизайн, геоинформатика, астронавтика, анимация студиясы, медиа (журналистика).
Қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға, ғылыми жоба байқауларына, телетүсірілімдерге қатысу
Оқыту тілі: қазақ, орыс

Қала сыртындағы жыл бойы жұмыс жасайтын «Өрнек» лагері

Орналасқан жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Долан ауылы.
Жаз мезгілінде лагерьде халықтың әлеуметтік осал санатындағы отбасы балаларының демалысы ұйымдастырылады.
Лагерь бағдарламасына ғылыми-техникалық бағыттағы шеберлік сабақтары, көркем шығармашылық, спорттық жарыстар, жарыстар кіреді. Балаларға сапалы және теңгерімді 5 мезгіл тамақ және медициналық көмек көрсетіледі. Оқу жылында лагерьде халықтың әлеуметтік осал санатындағы отбасы балалары үшін әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.