Үздіктер “Жас Ұлан” мен “Жас Қыран” қатарына қабылданды
Оқушылар сарайында карантин кезінде де дәстүрге айналған озық іс-шаралар жалғасып жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен дәстүрлі “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” көшбасшыларының қатарына қабылдау рәсімін санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өткізіп отырмыз. Барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, іс-шара қашықтан өткізілді.
ББЖҰ қатарына Алматы қаласы мектептерінің 2-9 сыныптарында оқитын 570 оқушысы қосылды. Жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді дарытатын, мықты рух қалыптастыратын, ұлттық тәрбие мен сапалы білімге бастайтын ұйымның қатары нағыз отаншыл ұрпақпен толықты.
Аталмыш іс-шараның құрметті қонағы болған Алматы қаласы адамгершілік-рухани тәрбие және өзін – өзі тану бөлімінің басшысы- Нұргүл Тауқызы,
Медеу аудандық мәдениет бөлімінің басшысы- Айдар Айдарқұлов,
“Nur Otan” партиясы Медеу филиалы төрағасының орынбасары – Олжас Шәріпов,
Алматы қаласы “Жас Ұлан” ББЖҰ төрағасы – Ғалым Қожамбір еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа ыстық лебіздерін білдірді.