2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында автоматтандыру мен робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастар негізінде өзара ынтымақтастықты жетілдіру және озық тәжірибе алмасу мақсатындаАлматы қаласы Білім басқармасы және Оқушылар сарайы делегациясы Татарстан Республикасына іс-сапармен барып қайтқан болатын.
Осы орайда 2019 жылдың желтоқсан айының 4-7 аралығында «Оқушылар сарайына» Татарстаннан келген қонақтарды қарсы аламыз. Мұндағы басты мақсат: автоматтандыру мен робототехника жүйесі, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастардың негізінде өзара ынтымақтастықты жетілдіру бойынша озық тәжірибе алмасу болып табылады.
Қазан қаласының “Оперение” шығармашылық дамыту студиясы, муниципалды бюджеттік мәдениет мекемесіне қарасты Бүкілресейлік қозғалыс алаңының балалар мен жастардың аймақаралық “Оперение” платформасында ұйымдастырылған топ келеді. Бірлестіктің негізін қалаушы Ресейдің Халық әртісі Константин Хабенский.
Бұл студияда біздің елімізге кәсіби сахна шеберлерімен бірлесіп өз өнерлерін ортаға салады, балалардың физикалық және психологиялық тұрғыдан босату, өзін-өзі тану, сезімдер мәдениеті мен әлемді эстетикалық түсіну шығармашылығын және жеке әлеуетін дамытуға көмектесетін бағдарламаларымен бөліседі.
Олардың жұмыс сапарына байланысты біздің Оқушылар сарайы дайындаған бағдарламада қонақтарға арналған концерттер, Оқушылар сарайының актерлік шеберліктер бойынша мастер-кластар, шеберлік сыныптары, экскурсиялар және музыкалық аспаптар музейіне апару, “Qazaq Oner” студиясында шеберлік сабағы және қаламыздың көрікті жерлерімен танысу қарастырылған.