«Жас экологтар» үйірмесінің бағдарламасы қоршаған ортаны сақтау және қорғау мәселесін шешуге, болашақ азаматтарға жастайынан табиғатты аялауға мүмкіндік беруге бағытталған. Экологияның ғылыми-тәжірибелік аспектілерін тереңдетіп оқыту балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар экологиялық мәдениет пен жоғары ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға көмектеседі. Мақсаты мен міндеттері: балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға ерте жастан үйрету, экология саласындағы ғылыми-практикалық дағдыларды дамыту.