Алматы қалалық «Ұланбасы» сайлауы туралы республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының сайлауы өтті

  1. Ислам Аяулым – Алмалы ауданы («Ұланбасы»)
  2. Қожахмет Аяулым Дәуренқызы – Жетісу ауданы (“Отан” бағыты)
  3. Төлетай Нұрасыл – Бостандық ауданы (“Жеті жарғы” бағыты)
  4. Қабдеш Елнұр Қалымбекұлы – Әуезов ауданы (“Зерде” бағыты)
  5. Жарқын Бақдәулет Мәлікұлы – Алатау ауданы (“Еңбек” бағыты)
  6. Жұмаш Гүлсезім Даниярқызы – Медеу ауданы (“Экология” бағыты)
  7. Ахмет Расул – Наурызбай ауданы (“Салауат” бағыты)
  8. Ахмет Эльмира – Түрксіб ауданы (“Руханият” бағыты)


 
«Ұланбасы» – «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі. Бұл ұйымның мүшелері мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарып, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мектеп қызметіне серпін беру мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізіп, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге араласады және түрлі әлеуметтік жобалар мен іс-шараларды ұйымдастырады.
Мектептердегі «Ұланбасы» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өтеді.
«Ұланбасы» сайлауына барлық сегіз ауданнан, яғни, Медеу, Алмалы, Бостандық, Наурызбай,  Алатау, Түрксіб, Жетісу және Әуезов аудандарындағы оқушылар қатысты.