Алматы қаласы Оқушылар сарайының туристік өлкетану бөлімі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментмен бірлесіп 2023 жылдың 17 мамыры мен 19 мамыры аралығында «Жас құтқарушы» аймақтық іріктеу байқауын өткізуде.
Байқаудың негізгі міндеті – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, сондай-ақ төтенше жағдайларда материалдық құндылықтардың сақталуына, жеке жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.
Бүгін қаланың бес ауданы: Бостандық, Медеу, Наурызбай, Әуезов және Алмалы аудандарының қатысушылары байқауды бастап кетті. Қатысушылар үшін қызықты әрі қиын туристік кедергілер жолы құрастырылды. Бірінші және екінші орын алған жеңімпаздарды 2023 жылдың 27 мамырында өтетін «Жас құтқарушы» слетінің қалалық кезеңі күтіп тұр.