1990 жылы құрылған «Жібек-Жолы» хореография ансамблі балалардың бойында жан-жақты, рухани-адамгершілік және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға күш салуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – би өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ансамбльдік сабақтар би қимылдарын орындауда музыкалық, мәнерлі және мағыналылықты дамытуға көмектеседі.

«Жібек жолы» ансамблі түрлі фестивальдар мен мәдени шаралардың тұрақты қатысушысы болып, балалар өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің құрметіне бөленуде. Мұндай іс-шараларға қатысу балаларда өз жетістіктеріне мақтаныш сезімін және жоғары жетістіктерге ұмтылуды дамытуға көмектеседі.

Педагог – Когут Альфида Шахисламовна