Көктем көркі – қызғалдақ

Бүгін Алматы қаласы Оқушылар сарайының экология және биологиялық бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті.
Байқауға қатысушылар мен фестиваль қонақтарын Оқушылар сарайының джаз музыка мектебінің оркестрі қарсы алды. Байқау аясында шеберлік сабақтары өткізіліп, жас суретшілердің, гүл өңдеушілердің, экологтардың байқау жұмыстары, гүлді киімдер көрсетілімі ұсынылды. Сондай-ақ, шағын хайуанаттар бағына және экзотикалық өсімдіктері бар жылыжайға, түрлі-түсті қызғалдақтардың үлкен гүлзарларға саяхат ұйымдастырылды. Ал Көркемөнер бөлімі мен Балалар музыка мектебінің жас таланттары келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.
Бұл мерекені ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің білім алушылары ұшырған дрондар түсірді.