Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұрады. Өмірдің әрбір сәтін бағалап және Табиғат – Анаға мейірімді күн үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін, елім деген жүректеріңіз үшін, ұлтым деген тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Ата- анамызға, бауырларымызға, достарымызға, балаларымызға, оқушыларымызға, ұстаздарымызға барлығына, бар болғандары үшін алғыс. Парақшамыздың тұрақты оқырмандарына жылы сөз, жақсы ой, кіршіксіз сезімдері үшін «Алғыс» деген қасиетті сөз арқылы шын жүректен рақметімізді білдіреміз.

Алғыс айту мерекесі құтты болсын!

Көктемнің алғашқы күні — Алғыс айту күні.