«Таза әлем-бұл, менің өз әлемім!» республикалық​ экологиялық бас қосу.


Оқушылар Сарайының​ білім алушылары​ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында​ өтіп жатқан көптеген іс-шараларға​ қатысып​ жатыр. Күні кеше​ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымы» мен «Birgemiz: Taza Alem» жалпы ұлттық жобасының ұйымдастыруымен өткен Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылы, Қарабұлақ тауының етегінде орналасқан​ «Тау қымыз» емдеу–сауықтыру орталығында республикалық экологиялық лагерь жұмысына да белсене​ қатысып қайтты.​ ​ Өткізіліп отырған республикалық​ экологиялық бас қосуға қатысушылардың​ ​ ​ ​ табиғаттың сарқылмас байлықтарын үнемді әрі орнымен пайдалануды үйренуге талпынғаны, табиғатқа ерекше қамқорлық танытуға ұмтылғаны​ көрініп тұрды. Бұл әрине, басқосудың басты мақсаты.
Қазір күзгі ағаш отырғызу​ маусымына дәл келгендіктен жас көшеттер отырғызып,​ қоршаған ортамызды қоқыстардан тазарту сияқты іс-шараларға қатысты. Бұл сапардың​ ​ Алматы қаласы Оқушылар сарайының “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелері мен тәлімгерлеріне де​ ​ үлкен күш қуат беріп, ерекше​ ​ әсер​ еткені анық. Оқушылар сарайының​ білім алушылары​ аз ғана​ уақыт ішінде​ білімдерін тереңдетіп,​ өзара тәжірибелер алмасты.​ Кең байтақ еліміздің киелі жерлерін өз көздерімен көріп, көңілдеріне көп нәрсе түйіп қайтты. Республикалық лагерьге қатысушы оқушылар​ ​ ​ таза табиғат аясында​ демалып,​ жаңа достар тапты.​ Осындай​ мүмкіндік туғызған​ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымы» мен «Birgemiz: Taza Alem» жалпы ұлттық жобасының ұйымдастырушыларына айтар алғыстары да​ шексіз.