Бала – өміріміздің мәні, болашағымыздың кепілі. Балалық шақтың уайымсыз, шаттыққа толы әрбір сәті – адам өмірінің ең асыл қазынасы. Ал сол қазынаны көздің қарашығындай сақтау, өскелең ұрпаққа бақытты балалық шақ сыйлау – отбасының да, қоғам мен мемлекеттің де басты міндеті. Балаларымыз аман, болашағымыз жарқын болсын!

