Алматы қаласы Окушылар сарайының балалар музыка мектебінде қашықтықтан оқыту, “флейта” пәні мұғалімі Қазиқан Айтолқын Сағынайқызы флейтадан 1 – сынып оқушысы Мухаметқали Томириспен сабақ өткізді. Сабақ барысында, фа мажор гаммасын талдап, оған қолайлы жаттығу, тыныс алумен, аттакамен жұмыс істеді.Оқушылар Сарайының балалар музыкалық мектебінде фортепиано сыныбында педагог Исатаева Ляйля Турсунгалиевна 4 сынып оқушысы Имарова Миланамен сабақ өткізуде. Сабақта мәтінді сауатты орындау, ырғақты қиындықтарын жою, дыбыспен фразировка жұмыстары жүргізілді.Алматы қаласының Оқушылар сарайындағы қашықтықтан оқыту . Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінде терме пәні бойынша қашықтықтан сабақ өткізілуде. Педагог: Искаков Жұлдыз Маратұлы 2-сынып оқушысы Нұртайұлы Алпамыспен сабақ өту барысында: С. Сейфулиннің “Тау ішінде” әнін қарадық. Әндегі қағыстар, сөздерді дұрыс буынға бөлу бойынша жұмыс жасадық.