Day: Қараша 23, 2019

Спорт бөлімінің білім алушылары экскурсияда

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онкүндік аясында Оқушылар сарайының көрме залында спорт бөлімінің білім алушылары экскурсияға барды.  Экскурсияны Оқушылар сарайының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Тұңғыш Президенті Мұрағатының құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру басқармасын қызметкері –Қасенов бөлеген Әбікенұлы өткізді. Балалар Тұңғыш Президент туралы, оның Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуындағы рөлі туралы қызықты ақпарат алды.

Экология-биология бөлімшесінде зерттеу жұмыстары конференциясы өтті

Оқушылар сарайының экология-биология бөлімшесінде зерттеу жұмыстары конференциясын өткізді, онда бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары ұсынылды. Қазылар алқасына 8 – зерттеу жұмыстарын, 5 – реферативтік жұмыстарды, 3–жобалық жұмыстарды ұсынды. Балалардың сөз сөйлеулері сенімді, батыл болды.

Байқау жеңімпаздары 2019 жылдың 6 желтоқсанда жарияланады.