Day: Желтоқсан 26, 2019

1000-нан астам балалар бүгінгі Оқушылар сарайы шыршасының қонағы болды

Оқушылар сарайында балаларға арналған жаңа жылдық қойылымдар жалғасуда. Бұл қойылымның сиқырлы әрекетін бір рет бастан кешкен әрбір адамға өмір бойы ұмытылмас әсер қалдырады, өйткені өз ісінің шеберлері балалардың қиялын және көңіл-күйін көтеруді біледі. Ертегі кейіпкерлері балаларды фойеден бастап көңілді қарсы алып, жаңа жылдық ойындарға, конкурстар мен мастер класстарға қатыстыра отырып, ешкімнің назардан тыс қалмауын қадағалайды. Әрбір баланың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі ұсақ-түйекке дейін ұйымдастырушылармен ойластырылған және пысықталған. Ал мерекелік іс-шараның безендірілуі ең талғампаз халықты таң қалдырады. Иә, не айтуға болады… көп рет естігеннен, оқығаннан бір рет көрген жақсы!