Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Chees Garden» шахмат мектебі қалалық турнир өткізді, турнирге Оқушылар сарайының педагогы В. Я. Кулакованың шәкірттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар: Асланов Эмир, Касымов Алихан, 4 разрядта 2 орын.
2020 жылдың 24 ақпан күні “Кербез” гимнастика мектебінде көркем гимнастикадан Ашық Чемпионатқа Оқушылар сарайынан педагог М.К. Сайфулинаның шәкірттері қатысып жүлделі орындар алды. Олар: Мендагалиева Мадина – 2 орын, Заритовская Влада – 3 орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Жарыс жоғары және төменгі сынып оқушылары арасында баскетбол ойынын насихаттау, оқушыларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында өткізілді. Баскетбол бойынша мықты командаларды анықтау және бірнеше жас топтарда баскетбол бойынша Алматы қаласының чемпионатына дайындыққа іріктеу. Оң нәтижелерге жетудегі мақсатқа тәрбиелеу.
«Еркем-Ай» балалар бірлестігінің жетекшісі Т. Даутовтың «Халық әндері» атты ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты халық әндері тарихына шолу жасау және композиторлардың өмірбаянымен таныстыру. Халық әндері– авторы ұмытылған, ауыздан ауызға жатталып, таралып, біздің күнге жеткен әндер. Халық күйі – ұлттық музыкалық аспаптарға арналып шығарылған, ауызша таратылып, бізге жеткен музыка. Сабақтың әдісі:дауыс ашу,түсіндіру, тыңдау, үйрету, салыстыру, сұрақ-жауап. Музыкалық шығарма:Б.Бекенова-«Анашым», Н.Тілендиев – «Саржайлау», халық әні – «Ақжайнақ», халық әні – «Ақбұлақ».
2020 жылдың 25 ақпан күні Алматы қаласы Білім басқармасы Оқушылар сарайы “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының іс-шаралар жоспарына сәйкес №144 кабинетте “Мен патриотпын” атты интеллектуалды ойын өтті. Ойынға 8, 9, 10 сынып оқушылары 5 адамнан құралған команда болып қатысты. Ойын 5 тур бойынша өтті, сұрақтар Қазақстан тарихы бойынша қойылды. Ереже бойынша топтың атауы, ұраны дайындалды.
Қатысқан топтар:
1. Алатау ауданы, “Алатау” командасы І орын.
2. Медеу ауданы, “Лидер” командасы ІІ орын.
3. Түркісіб ауданы, “Биік” командасы ІІІ орын.
4. Бостандық ауданы, “Болашақ” командасы Сертификат.
5. Алмалы ауданы, “Білімділер” командасы Сертификат.
Қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар және естелік кітаптарымен марапатталды.
2020 жылдың 21 ақпан күні экология –биологиялық бөлімшесінде “Химия әлемінде” атты дөңгелек үстел өтті. Бұл балалардың қызықты тәжірибелерге тікелей қатысуымен өткен нағыз химиялық шоу болды. Қатысушылар командаға бөлініп, педагогтардың басшылығымен әртүрлі керемет тәжірибе жасады. “Сиқырлы шам”, “піл үшін тіс пастасы”, “бағдаршам” сияқты жұмбақтар қойып, оның шешімін тапты. Оған №120, №50, №67 мектептері және №9 мектеп-интернатының балалары қатысты.