Month: Ақпан 2020

Республикалық «Самға» ән байқауы.


Республикалық «Самға» ән байқауына Оқушылар сарайының «Шабыт» вокал студиясының тәлімгерлері қатысып, жүлделі орындар иеленді. Олар: Тұрдалы Дастан – Бас жүлде; Жайырбекова Аружан – Бас жүлде; Сырымова Сымбат – Бас жүлде; Мұқанғали Сұлтан – Бас жүлде;  Жалғасбек Нұрдаулет – Бас жүлде; Мәулен Жасмин – Бас жүлде; Абдилбекова Амина – Бас жүлде;  Үздік бас жүлде иегері – Абдибекова Айнель.

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен іріктеу турнирі


Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Алматы Арена» спорт кешенінде 2005-2007 ж.ж. жастар арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу турнирі өтті, Батсиев Сайхан Оқушылар сарайынан турнирге қатысып  3-орынды иеленді, Грек-рим күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға рұқсат алды. Сайханға жаңа жеңістер тілейміз !!!

Жеңімпаздарымызды және педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.


Музыка мектебінің білім алушылары 53 қалалық жас музыканттар байқауына қатысып, жүлделі орындар алды. Олар: Бикбаева Полина – Гран При (педагог Ивчкенко Э. М.), Исраилов Руфат – 1 орын (педагог Лапина Е. Н.), Шегай Александра – 2 орын (педагог Тайжанова Е. В.), Аделек Фолашаде – 3 орын (педагог Пелевина О. Ю.), Ким Аличе – 3 орын (педагог Власенкова Т. А.), Шорохова Мария – 3 орын (педагог Тайжанова Е. В.), Байназарова Адель – диплом (педагог Диордица В. И.).  Жеңімпаздарымызды және педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

“Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес эко-көрме өтті

Бүгін Алматы қаласы білім басқармасы Оқушылар сарайында “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес эко-көрме өтті. Көрменің мақсаты: балалардың табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық жобаларды жүзеге асырудың оң шығармашылық тәжірибесін жинақтау, экологиялық мәселелерге қоғамдық назар аударту.  Эко-көрме жоғары деңгейде ұйымдастырушылықпен өтті. Жеңімпаз оқушылар марапат қағаздарымен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Кездесу

Бүгін салалық кәсіподақ төрайымы А.М. Мұқашева  Алматы қаласының білім беру басшылары мен қызметкерлеріне кездесу өткізді.Кездесу тақырыбы:” Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы  «Педагог мәртебесі туралы» Заңын түсіндіру.

“Медеу” бекетінде өткізілген «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара

Оқушылар сарайының туристік – өлкетану бөлімінде Алғыс күніне арналған флэшмоб пен көңілді старттар өткізілді. Бұл мерекенің негізгі мақсаты барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын бейнесін көрсету, өскелең ұрпаққа төзімділік, достық және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.Шара “Медеу” станциясында өтті. Бірінші бөлімде қатысушылар «Елімізде достастық нығаюда!»ұранымен флэшмоб өткізді. Балалар достық туралы сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, достық туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты.

“Қазақстанның су ресурстары” экологиялық онлайн Білім марафоны.

“Оқушылар сарайы” МКҚК экология-биологиялық бөлімшесінде ҚР Конституциясының                     25 жылдығына арналған “Қазақстанның су ресурстары” тақырыбында “Туған жер” атты республикалық экологиялық онлайн Білім марафоны өтті. Осы экологиялық білім марафонының негізгі мақсаттары мен міндеттері табиғатқа қатысты белсенді ізгілікті ұстанымдарды қалыптастыру, жер планетасының ортақ үйінің тағдыры үшін жауапкершілік болып табылады. Әр өңірден 8 команда қатысты: Талғар, Шымкент, Орал, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облысының            2 командасы.

“Жас журналист мектебі”

Бүгін “Жас журналист мектебі” балалар бірлестігінде педагог В. М. Литвинов “Наурыз” тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында балалар сұхбат алды, собкорлар рөлінде сөз сөйледі, педагогтың басшылығымен “Дружные ребята” газетіне өз жазбаларын редакциялады. Сабақ барысында тәжірибелі педагог кеңес беріп, білім алушыларға журналистің шеберлігі мен дағдыларын қалай жақсы меңгеруге кеңес берді. Сабақ қызықты және танымды өтті.