Day: Наурыз 29, 2020

6

20/03/2020. Алматы қаласындағы оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту. Балалар музыкалық мектебінде, фортепиано сыныбында қашықтықтан сабақтар өтіледі. Фортепианодан мұғалім Тайжанова Елена Владимировна 7-сынып оқушысы Шегай Верамен бірге жаңа шығармаларды талдайды. Сабақ үстінде мәтінді түсіндіреді, саусақтардың ыңғайлығына мән бөледі, штрихтармен, қолдармен және саусақтармен жұмыс жүргізіледі.
19.03.2020ж. Алматы қ. «Оқушылар сарайында» қашықтықтан оқыту. Балалар музыка мектебінде вокал пәнінің сабақтары қашықтықтан өткізіледі.Вокал пәнінің ұстазы Қани Көркем Қайратқызы 1ші сынып оқушысы Судабаева Адиямен қашықтық сабағын өткізді. Сабақ барысында берілген үй жұмыстары тексеріліп оқушының артикуляциясына және де әннің сөзіндегі дикциясына зейін қойылды,музыкалық шығармаларға талдау жасалып жоғарғы дыбыстарды нотаға тура түсу ушін жаттығулар жасалды,және де оқушының табиғи дауыспен шынығуы қадағаланып, музыкалық штрихтарға көңіл бөлінді.
03.17.2020. Алматы қаласы Оқушылар сарайы Балалар музыка мектебінде қашықтықтан оқыту. Фортепиано пәнінің мұғалімі Терехова Людмила Ивановна 4-сынып оқушысы Табиев Искандермен қашықтықтан сабақ жүргізді. Бөлшектеу және талдау бойынша жұмыс жүргізді.