Day: Наурыз 30, 2020

8

18.03.2020 ж. ⚜Алматы қаласы Оқушылар сарайының балалар музыкалық мектебінде қашықтықтан оқыту⚜. «Скрипка» пәні, оқытушы Нурмаханова Диана Шахи-Зидаевна, 4-сынып оқушысы Алматова Меруертке қашықтықтан сабақ өткізуде. Сабақ барысында Комаровскийдің №17 этюдына талдау жүргізілуде, ауысулар игерілуде, ысқыны таратудың нюанстарына талдау жасалуда.

17.03.2010 Алматы қаласындағы «Оқушылар сарайы» балалар музыкалық мектебінде қашықтықтан оқыту. “Скрипка” пәні. Оқытушы Шамсутдинова Мария Михайловна. Сабақ 1-сынып оқушысы Харланд Изабель-Тахминамен өткізеді! Сабақта үлкен көлемді жұмысты талдау бойынша әрі қарай жұмыс жасалуда. Н. Бакланованың «Сонатинасы». Интонация мен кілтпен белгіленген белгілерге үлкен назар аударады. Сонымен қатар, дыбыспен жұмыс жүргізілуде.

7

20/03/2020. Алматы қаласындағы оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту. Балалар музыкалық мектебінде, фортепиано сыныбында қашықтықтан сабақтар өтіледі. Фортепианодан мұғалім Тайжанова Елена Владимировна 7-сынып оқушысы Шегай Верамен бірге жаңа шығармаларды талдайды. Сабақ үстінде мәтінді түсіндіреді, саусақтардың ыңғайлығына мән бөледі, штрихтармен, қолдармен және саусақтармен жұмыс жүргізіледі.

28.03.2020. Алматы қаласы Оқушылар сарайында қашықтықтан оқыту. Ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін «Интеллект» балалар бірлестігінде қашықтықтан сабақтар өткізілуде. Педагог Сауле Арыстановна Садыкова білім алушылармен Бекмурза Инкар және Алдиярмен, Әбіл Алдияр және Айдармен, Иргебаев Арсенмен «Бейнелі ойлау» тақырыбында жұмыс жасауда. Сабақ барысында білім алушылар «Ассоциациялар» бейнелі ойлауды дамыту бойынша жаттығулар жасауда, мәтінді талдауға үйренуде, интеллект- карталар құрастыруда, “Қызыл кітапқа” енген ерекше жануарлар туралы ой-өрістерін кеңейтуде.

Алматы қаласы Оқушылар сарайы спорт бөлімі қашықтықтан оқыту. Көркем гимнастика пәнінің мұғалімі Бороненко Оксана Семеновна Аккузина Айбота, Асанбек Перизат, Притчина Дарина и Данелямен қашықтықтан сабақ жүргізді. Сабақ тақырыбы: Секіртпе спорт құралын пайдалана отырып, буындардың қозғалуын дамыту.