Оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.

 Концерттік бағдарламаға Оқушылар сарайының білім алушылары арасынан жас әншілер, аспаптық және  би ұжымдары қатысты. Оқушылар сарайының алаңында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері, «Өнеркәсіптік дизайн», «VR/AR», «Ақ киіз», «Қолөнер» және басқа да балалар бірлестіктерінің танымдық шеберлік сыныптары өтті. Спорт сүйер қауым «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынына  қатысты.  Сонымен қатар, Оқушылар сарайының «Журналистика» зертханасының білім алушыларының фото жұмыстары қойылды.