Концерттік бағдарламаға Оқушылар сарайының білім алушылары арасынан жас әншілер, аспаптық және  би ұжымдары қатысты. Оқушылар сарайының алаңында суретшілер мен қолөнершілердің көрмелері, «Өнеркәсіптік дизайн», «VR/AR», «Ақ киіз», «Қолөнер» және басқа да балалар бірлестіктерінің танымдық шеберлік сыныптары өтті. Спорт сүйер қауым «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойынына  қатысты.  Сонымен қатар, Оқушылар сарайының «Журналистика» зертханасының білім алушыларының фото жұмыстары қойылды.