Оқушылар сарайының «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің және «Балдәурен» домбырашылар үйірмесінің дарындылары республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауына қатысып, халықаралық фестивальге жолдама алды.
«Мен де жұлдыз боламын» – балалардың эстетикалық талғамын арттыру мен өлкеміздің болашақ жас жұлдыздарын жарыққа шығарып, сахна мәдениетін меңгерте отыра, шеберлігін арттыруға мүмкіндік беретін республикалық балалар байқауы.
Жоғары деңгейде өтетін байқау бұл жолы Алматы қаласының Grand Park сауда орталығында өтті. Сарайымыздың дарынды балалары әуезді әндерін шырқап, сахнаның сәнін келтірді. Олар нағыз жұлдызды бәсекеде бақ сынап, көрерменнің ыстық қошеметіне иеленді.
Сайыстың жеңімпаздарын анықтайтын тебіреніске толы сәтінде біздің сарайымыздың «Шабыт» эстрадалық вокалы балалар бірлестігінің оқушылары Тұрдалы Дастан мен Мәди Нұрболатұлы Гран-при иегері атанып, Түркияда өтетін халықаралық конкурсқа 100% ТЕГІН ЖОЛДАМА алды. Сонымен қатар, барша қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға иеленіп, алғыс хаттармен мараппатталды.
Біздің жас әртістеріміз армандарының орындалатынын және әрқайсымыздың ішімізде жарқырап тұрған жұлдызымыздың бар екен дәлелдеді. Grand Park сауда орталығының сахнасындағы осы сәт олардың жарқын жұлдызды сапарының басы ғана болсын! Жүлделі орындарын құтты болсын, жұлдыздар!