29 мамыр күні Оқушылар Сарайының Салтанат залында “Аққұс туралы аңыз” спектаклінің премьерасы өтті.
Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын-драматург Нұрлан Оразалиннің «Аққұс туралы аңыз» пьесасы талай Халықаралық театр байқауларының жүлдегері атанған.
Н. Оразалиннің драмалық шығармалары – қаламгердің ақындық сыршылдығы ықпалындағы лирикалық, психологиялық сарынымен ерекшеленетін пьеса. «Аққұс туралы аңыз» драмалық шығарпасында ақ пен қараның шайқасы мәңгілікке танылғандай… Әрдайым жақсылықтың жеңімпаз болатынын, ізгіліктің ілгері басатыны ақиқат. Ертегі жас жеткіншектерді жақсылыққа жақын жүруге жетелейді. Адалдықтан алыстамай, арамдықты мансұқ етулеріне үндейді.
“Аққұс туралы аңыз” ертегісін орындаушылар:
Меңсұлу – Бекмұхамет Қарақат
Кемпір – Қазкенова Қаламқас
Ақсақал – Құрбанбай Қуаныш
Тоқтасын – Дадыл Нұрсұлтан
Тоқтамыс – Аманжан Мақсат
Мыстан – Сапарова Айсана
Аққұс – Жақсылық Асқар
Қара құс – Тұрғынбек Әділжан
Періште – Баспулова Анель, Серғали Айым, Турсынбаева Камила
Қара құстың уәзірлері: Думанұлы Айқын, Абатұлы Ерасыл, Құдайберген Әлимұрат, Ерланұлы Сапармұрат, Берешев Илияс, Құралғазы Шыңғыс, Айдаров Рахат
Режиссер – Малимова Асия Несіпбайқызы