“Ақ шағала” күнделігі. Бірінші күн.

Таңертеңнен бастап біздің Сарайда нағыз би бумы! Бүгін «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының бірінші конкурстық күні өтті! Біз барлық финалистерімізді шын жүректен құттықтаймыз және біздің кәсіби қазылар алқасы бишілердің өнерін және, әрине, біздің хореограф оқытушыларының қиын және қажырлы еңбегін бағалайтынына сенімдіміз! Біздің балаларымыздың ата-аналарына балалардың шығармашылық дамуына қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет! Осындай ұмытылмас іс-шараны ұйымдастырып, өткізген Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығына, Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының ұжымына зор алғыс!