Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде және қоғамда баллардың ағылшын тілінде коммуникативтік дағдыларын дамыту.  Үйірме бағдарламасы коммуникативті дағдыларды және ағылшын тілін тиімді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану қабілетін дамытуға бағытталған; балаларға ағылшын тілінде сенімді сөйлеуге, жазуға және түсінуге мүмкіндік беретін ағылшын тілінің фонетикасын, лексикасы мен грамматикасын үйретуді қамтиды. Сабақ барысында балалар түрлі интерактивті және практикалық жаттығулар, ойындар мен жобалар арқылы тілдік ортаға енеді.