Author: Арман

ПІКІРСАЙЫСШЫЛАР НАЗАРЫНА

Құрметті оқушылар! Сіздерді Алматы қаласы 8-11(12) сынып оқушылары арасында Британдық Парламеттік Форматы бойынша өтетін 3 тілді “Almaty CUP I” Алматы қаласы әкімінің кубогы қалалық пікірсайыс турниріне шақырамыз!

Турнир екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы ол аудандық кезең. Аудандық кезеңде аудан ішінен 2 фракция іріктеліп шығады. Қалалық яғни финалдық этапта әр ауданнан 2 фракциядан қалалық этапқа өтетін болады. Қалалық этапта “Almaty CUP I” Алматы қаласы әкімінің кубогы қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазын анықтайтын боламыз.

Аудандық этаптар 20 және 21 қаңтар күндері өтеді

– 20 қаңтар күні:

Әуезов ауданы

Жетісу ауданы

Алмалы ауданы

Түркісіб ауданы

Наурызбай ауданы

– 21 қаңтар күні:

Алатау ауданы

Медеу ауданы

Бостандық ауданы

Өтетін орны: Алматы қаласы, Щепкин 27 мекенжайы бойынша Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімшесі

Формат: БПФ

Лига: Оқушылар 8-11(12) сыныптар

Турнир бағдарламасы мен қарар жақын арада жарияланады

Дебат додасының дарабоздарын бірге анықтайық!!

Қосымша ақпараттар үшін +7 708 188 3625 Дамир мырза

БІЗ ӨНЕРДІ БАҒАЛАЙМЫЗ!

“Жас суретшілер” және “Қолөнер” балалар бірлестіктері Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына қызықты саяхат жасады.

Оқушылар Сарайының дарындылары үшін мұражай – өнердің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін нағыз қазына. Еліміздің мәдениеті мен дәстүрлеріне тереңінен қарап, тарихи өнер туындыларын зерттедік.

Бұл біздің алдымызда сұлулық пен шығармашылық әлеміне есік ашқан таңғажайып және тәрбиелік саяхат болды!

РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Қазір әлем күн сайын дамып келеді. Балалардың да қызығушылықтары мен танымдық деңгейлерге өзгерді.

 Осы тұста Алматы қаласы оқушыларын болашақтың маманы атандырып, жан-жақтылыққа дамыту үшін  Оқушылар сарайында робототехника әлеміне енуді армандайтындар үшін біз бірегей кеңістік құрдық.

 Егер сізде механизмдер мен кодтауға деген қызығушылығыңыз болса немесе жаңа нәрсені көргіңіз келсе, бізге келіңіз!

Біздің робототехника тобына жазылыңыз, болашақты бірге жасайық!

Сіздің талантыңыз — үлкен қазына!

Оқушылар Сарайы Балалар музыка мектебінің үздік ұстаздарының бірі Роор Вера Владимировна жетекшілігімен скрипкашылар ансамблі VII-халықаралық “Золотые струны” шығармашылық байқауында Гран-при иегерлері атанғанымен шын жүректен құттықтаймыз!

Мурзадилов Абай, Тулеуханова Адель, Маратқызы Нурзере, Жорабек Айлана, Сатыбекова Аделия, Харланд Амара, Харланд Изабель, Касым Адия, Туратбекова Адема — жарайсыздар! “Аспаптық орындау – скрипка” номинациясына лайықты деп танылуы құтты болсын! Сіздің талантыңыз — үлкен қазына!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ғылыми-техникалық бөлімнің оқушысы Оразалина Айсұлу Иркутск қаласында өткен «Ақпараттық технологиялар» конференциясында «Қонақжай Алматы» жобасын ұсынды.
Айсұлу іріктеуден сәтті өтіп, “Ғылымға бір қадам” халықаралық конференциясына қатысу сертификатын алды.
Жоба Валерий Викторовичтің жетекшілігімен әзірленді. Оқытушы мен шәкіртті лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

“Көңілді старт” қысқы жарысы өтті

Оқушылар сарайының Туристік-өлкетану бөлімінде қала мектептері оқушыларының арасында “Көңілді старт” қысқы жарысы өтті.

Медеу спорт кешенінде ауқымды деңгейде өткен жарыстың мақсаты:
оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
қимыл-қозғалыс дағдыларын игеру.
балалардың байқағыштығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін, жылдамдығын дамыту
салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.

Сонымен қатар, “Салауатты бәсекелестік рухын” тәрбиелеу мақсатында өткен аталмыш жарысқа қатысқан барша оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қысқы демалыстарын Оқушылар сарайымен қызықты әрі көңілді өткізген спорт сүйер жүйріктерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

МУЗЫКАЛЫҚ ТАРТУ

Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебінің хорымен бірге сиқырлы музыка әлеміне енейік.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Оқушылар сарайының Балалар музыка мектебінің оқытушысы Ирина Александровна Данилованың жетекшілігімен балалар барша өздерінің вокалдық қабілеттеріе ашып, бірге барша қазақстандықтарға музыкалық сый тарту етіп, үздік туындыны орындады.
Керемет туындыны @dvorec_almaty инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ

Оқушылар сарайының басшылығы ұлағатты ұстаздарымызды бір жыл бойы атқарған еңбектері үшін марапаттады.

Сіздердің адалдықтарыңыз, кәсібиліктеріңіз және білімге деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында осы жылды нәтижелі аяқтадық. Өскелең ұрпақтың болашағына қосқан үлестеріңіз үшін рахмет!

Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймыз және келер жылы жаңа биіктерден көрінулерііңізге тілектеспіз!

ДАРЫНДЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМІЗ TALANT STAR-дың ТӨРІНДЕ

Оқушылар Сарайының дарынды шоқжұлдыздары  Қазақконцерт залынының көркін қыздырды. Дарынымен көрермен назарына ие болған біздің 10 бірдей  тәрбиеленушілерміз республикалық “Talant Star” байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ,

🌟 Майдан Аймауыт

🌟Нұрмолда Ақтоты

🌟 Рахат Інжумаржан

🌟 Нұржан Альфич ГРАН-ПРИ иегерлері атанып, Германияға жолдама ұтып алды!

Жарайсыңдар! Талаптарыңа нұр жаусын, біз сендермен мақтанамыз!

ДЖАЗ МУЗЫКА МЕКТЕБІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ӘН ШЫРҚАЛДЫ

2023 жылдың 23-желтоқсанында Джаз музыка мектебінің бөлімінде өткен есеп беру концертінде жаңа жылдық әуезді әуендер шырқалды.

Сиқырлы бағдарламада дайындық тобының орындауы, кейін «Жаңа жылдық шоу» мюзиклімен сахнаға біздің дарынды мектеп хоры мен «Jazz Bend Almaty» оркестрі шықты.

Теңдесі жоқ Валентина Тагировна Шатилованың (хор) және Тагир Михайлович Зариповтың (оркестрдің) жетекшілігімен, сондай-ақ шебер концертмейстер Татьяна Борисовна Кислицинаның қатысуымен нағыз мерекелік және таңғажайып атмосфераны болды! Баршаңызға таланттарыңыз бен бізге сыйлаған жан жылуыңыз үшін рахмет!