Author: Арман

“Сазсырнай” Испанияны бағындырды!

28 сәуір мен 4 мамыр аралығында испандық Ллорет де Марда “Fiestalonia Milenio” халықаралық байқауы өтті. Бұл байқау Латвия, Индонезия, Түркия, Германия, Украина, Қырғызстан және Испаниядан келген балалар мен педагогтарды бір ортаға біріктірді.

Нұрзада Көркембаева жетекшілік ететін “Сазсырнай” балалар бірлестігінің тәрбиеленушілері қазылар алқасы мен байқау қонақтарын өз шеберліктерімен бағындырды. Біздің жас таланттарымыз сазсырнай, жетіген, шаңқобыз және фортепианодағы қайталанбас ойындары арқылы барлығына ұмытылмас әуендер сыйлады.

Біз 1 орын иегерлері – Садық Айсұлу, Садық Аянат (жетіген, сазсырнай, шаңқобыз аспаптарынан) және 1 орын (жетіген аспабынан) -Мақсатқызы Айару сынды білім алушыларымызды мақтан тұтамыз, осы музыканттарымызға ең жылы құттықтауларымызды жолдаймыз. Біздің педагогымыз Нұрзада Көркембаева Ллорет де Мар мэр Кубогын жеңіп алып, педагогтар арасындағы байқауда 1-ші орынға ие болды. Біздің балаларымыздың ата-аналарына олардың тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс айтамыз!

Қонақта “Үміт” балаларды қолдау орталығы және “Атамекен” балалар ауылы

Біздің оқушылар сарайы “Үміт” балаларды қолдау орталығының (ШҚО) және “Атамекен” балалар ауылынан (Қызылорда қ.) халықаралық жастар фестивалінің қонақтары – делегаттарын қарсы алды. Балалар Оқушылар сарайының планетарийіне қызықты саяхат жасады, нағыз мультфильмдердің жасалу жолын және нейротехнология мен космонавтика мен биология саласындағы білім әрқайсымыздың өмірімізге қандай көмегі барын білді! Сарайымыздың талантты шәкірттері өздерінің өнерлерін көрсетті және кездесу соңына қарай Оқушылар сарайының атынан қонақтарымызға сыйлықтар табысталды. Жаңа достарымызбен жаңа кездесулерді асыға күтеміз! Ынтымақтастық үшін рахмет!

ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

22.04.2024 күні “Алматы біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында жалпы қалалық сенбілік тазалау жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлеріміз ғимаратымыздың маңайын бірлікпен, жақсы көңіл-күймен тазалады. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті және туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Айналамызды қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыруымыз керек. Оқушылар сарайының ұжымы бір үйдің баласындай бірге жұмылып, өз үлестерін қоса білді. Осы іс-шараны қолдай отыра, Алматы қаласының әр тұрғының экологиялық мәдениетті тәрбиелеп, мегаполисімізді тазарту ісіне ат салысуға шақырамыз.

ЕЛОРДАДА ҚР-НЫҢ МЕКТЕПТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ ӨТУДЕ

2024 жылдың 4-5 сәуір аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық слеті басталды.

Мектептің өзін-өзі басқару көшбасшыларының слеті – бұл еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, оларға өз қабілеттерін көрсетуге және мектеп парламентінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Аталмыш слетке Оқушылар Сарайының Туристік-өлкетану бөлімінің басшысы Ринат Равильевич қатысып, талапты көшбасшылардың тұшымды ойларымен танысып, олардың бастамаларына қолдау білдірді.

Барша слетке қатысушыларға сәттілік және шығармашылық идеялар тілейміз!

ЖАС КОМПОЗИТОР ЗАРИНА ГАФИАТУЛЛИНАМЕН КЕЗДЕСУ

2024жылдың 3-сәуір күні Оқушылар сарайында «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі аясында жас композитор Зарина Гафиатуллинамен кездесу өтті.

Зарина Гафиатуллина – пианист, композитор. Әртүрлі балаларға арналған анимациялық туындыларының композициясының авторы.

Кездесу барысында қонақтар композитордың туындыларын, оның ішінде «Приключения Армана» атты мюзиклін тамашалады. Бұл – жаңа эко-өнертабыстар жасау арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерту керек деп шешкен бала туралы туынды.

Шығармашылыққа толы қызықты әрі көңілді кешке қатысқан оқушылар мен педагогтер композитормен ашық сұхбаттасып, оның шығармашылығымен толықтай танысты.

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН БІРГЕ ТИІМДІ ДЕМАЛЫС

Оқушылар сарайының оқушылары наурыз айының тоқсандық демалысын Оқушылар сарайымен бірге тиімді әрі қызықты өткізді. Балалар түрлі рухани демалыс орындарына барып, уақыттарын ойдағыдай өткізген.

Тарқата айтсақ, «Жас суретші» және «Қолөнер» балалар бірлестіктерінің жетекшілері Әсел Дәулетқызы мен Раушан Кабыловна оқушыларды Алматы қаласындағы Арман кинотеатрына апарып, «Летучий корабль» атты балаларға арналған фильмді бірге тамашалады.

Ал, «Көркем сурет» балалар бірлестігінің педагогі Даурен Даулетович жас суретшілерін Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына апарса, «Домбыра» балалар бірлестігінің оқушылары педагог Даулет Нұрланәліұлымен бірге Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейіне саяхат жасады.

Демалыстарын көңілді әрі пайдалы өткізген оқушылар өз оқытушыларына дән риза болып, алғыстарын білдірді.

«ӘНШУАҚ. АЛМАТЫ» КҮНДЕЛІГІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған – қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің «Әншуақ. Алматы» күнделігі өтті.

Алматы қаласы бойынша бейнероликтері жоғары қаралым жинаған оқушыларымыз алдағы жарысқа деген дайындықтарымен бөлісіп, байқауда орындаған әндерін таңдау барысында мағынасына, танымалдығына, ең бастысы балалар әндерінің бір түрі болуына аса мән бергенін айтты.

Сондай-ақ, әсем әндерін шырқап, TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегі арқылы бейнероликтерін жүктеген жас әншілеріміздің видео қаралымдар күннен-күнге өсіп келе жатыр.

Байқауға қатысушылардың бәріне сәттілік тілейміз!

Ләйлә Әбдіғаниқызымен кездесу

2024жылдың 30-наурыз күні Оқушылар сарайында “Әншуақ” балалар әндерінің фестивалі аясында Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Мұқашева Ләйлә Әбдіғаниқызымен кездесу өтті.

Ләйлә Әбдіғаниқызы – Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, бүгінде Алматы қаласының Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімі қызметін атқарады. Оның балаларға арналған “Досыма”, “Күз-тамаша”, “Тамшылар”, “Мен-елімнің ертеңі” т.б әндері бар.

Шығармашылыққа толы кездесу барысында Ләйлә Әбдіғаниқызының “Күз Тамаша” атты авторлық әні орындалды. Сондай-ақ “Атамұра” домбырашылар тобы халық әні “Үкілі қызды” орындаса, Оқушылар сарайының білімалушылары Дәуке Әмина “Қазағым-ай”, Кешубай Керімсал “Байтақ елім қазағым” әндерін орындады.

Музыка мен шығармашылыққа толы кешке қатысқан қонақтар ән әлемінің қызығына еніп, шабыт алды.

«Әншуақ. Алматы» күнделігі туралы репортажы

«24.KZ» телеарнасында күні кеше Оқушылар сарайында өткен «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалінің «Әншуақ. Алматы» күнделігі туралы репортаж шықты.

Репортажда тілшілер «Әншуақ» балалар әндерінің фестиваліне қатысушылардың дайындықтарын көрсетіп, сонымен бірге аталмыш жобаның елімізде тұңғыш рет өтіп жатқанын және оның маңыздылығын атап өтті.

Репортаждың толық нұсқасы: