“Сазсырнай” Испанияны бағындырды!

28 сәуір мен 4 мамыр аралығында испандық Ллорет де Марда “Fiestalonia Milenio” халықаралық байқауы өтті. Бұл байқау Латвия, Индонезия, Түркия, Германия, Украина, Қырғызстан және Испаниядан келген балалар мен педагогтарды бір ортаға біріктірді.

Нұрзада Көркембаева жетекшілік ететін “Сазсырнай” балалар бірлестігінің тәрбиеленушілері қазылар алқасы мен байқау қонақтарын өз шеберліктерімен бағындырды. Біздің жас таланттарымыз сазсырнай, жетіген, шаңқобыз және фортепианодағы қайталанбас ойындары арқылы барлығына ұмытылмас әуендер сыйлады.

Біз 1 орын иегерлері – Садық Айсұлу, Садық Аянат (жетіген, сазсырнай, шаңқобыз аспаптарынан) және 1 орын (жетіген аспабынан) -Мақсатқызы Айару сынды білім алушыларымызды мақтан тұтамыз, осы музыканттарымызға ең жылы құттықтауларымызды жолдаймыз. Біздің педагогымыз Нұрзада Көркембаева Ллорет де Мар мэр Кубогын жеңіп алып, педагогтар арасындағы байқауда 1-ші орынға ие болды. Біздің балаларымыздың ата-аналарына олардың тәрбиесі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс айтамыз!