ОҚУШЫЛАР САРАЙЫМЕН БІРГЕ ТИІМДІ ДЕМАЛЫС

Оқушылар сарайының оқушылары наурыз айының тоқсандық демалысын Оқушылар сарайымен бірге тиімді әрі қызықты өткізді. Балалар түрлі рухани демалыс орындарына барып, уақыттарын ойдағыдай өткізген.

Тарқата айтсақ, «Жас суретші» және «Қолөнер» балалар бірлестіктерінің жетекшілері Әсел Дәулетқызы мен Раушан Кабыловна оқушыларды Алматы қаласындағы Арман кинотеатрына апарып, «Летучий корабль» атты балаларға арналған фильмді бірге тамашалады.

Ал, «Көркем сурет» балалар бірлестігінің педагогі Даурен Даулетович жас суретшілерін Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына апарса, «Домбыра» балалар бірлестігінің оқушылары педагог Даулет Нұрланәліұлымен бірге Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейіне саяхат жасады.

Демалыстарын көңілді әрі пайдалы өткізген оқушылар өз оқытушыларына дән риза болып, алғыстарын білдірді.