Author: Арман

Туристік технология бойынша сайыс

«Оқушылар сарайы» МКҚК Туризм және өлкетану бөлімі Әуезов ауданының әкімдігімен бірлесіп туристік технология бойынша сайыс өткізді. Жарысқа Әуезов ауданындағы 150-ден астам мектеп мұғалімдерінен құралған 28 команда қатысты.

Көбелектің суретін натураға қарап салу

«Жас суретші» балалар ұйымының жетекшісі Кәдір Әсел бүгінгі сабағында болашақ қылқалам шеберлеріне қол шеберлігін дамытуды үйретті. Сабақтың тақырыбы: бунақденелілер «Көбелектің суретін натураға қарап салу».

Бақытты елдің ұрпағы

Көркемөнер бөлімі педагогы Т.Даутов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бақытты елдің ұрпағы» атты ән сабағынан үзінді. Сабақтың мақсаты халық әндерін заманауи бағытта әспеттеу.

Жеңімпаздарын құттықтаймыз

2019 жылдың 3-4 қараша күні өткен IV Халықаралық музыкалық «TESSAFEST» фестиваль – конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Фадеева Эвелина – 1 орын, Сербия София – 2 орын, Панова Анна – 3 орын, Боровинская Эвелина – 3 орын. Байқаудың арнайы қонағы  mrs. Rose Abegail –  Сandenza Muzic  институтының басшысы (Біріккен Араб Әмірліктері, Абу-Даби).

Зерттеу жұмыстарының қалалық байқауы

Бастауыш сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстарының қалалық байқауы өтетінін хабарлаймыз. Конференция «Оқушылар сарайы» МКҚК, экология-биология бөлімшесінде өткізіледі. Өтетін уақыты: 2019 жылдың 20 қараша күні сағат 10.00-де (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін) және 21 қараша күні сағат 10.00-де (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін) мекен-жайы: Алматы қ. Щепкин көшесі, 27 үй.

Ұйымдастыру комитеті: 12 кабинет; тел: 309-75-99

Жасөспірімдер арасында бокстан біріншілік өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 2 қараша күні Оқушылар сарайы спорт бөлімінің бокс залында жасөспірімдер арасында бокстан «Алтын күз» атты біріншілік өтті. Іс-шараның мақсаты; салауатты өмір салтын насихаттау, спорт шеберліктерін арттыру.Чемпиондар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Біздің жеңімпаздар!

2019 жылы 1-3 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  Республикалық көрме-байқауына
жолдама алған
1-дәрежелі жүлдегерлер: Ұзақ Дана, Ниетбай Исатай, Холов Ахмаджон, Нұрлыбек Нұрай. Нұрқасымов Нұрбек өз бақтарын сынады.
Нұрлыбек Нұрай “Өңірдің  көркемдік және халықтық қолөнері” номинациясы бойынша жүлделі 3 орын алды.
Қатысушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!

«Жасыл Алматы» акциясы аясында 2019 жылдың 1 қараша күні Тұңғыш Президент саябағында Оқушылар сарайы экология-биология бөлімінің ұйымдастыруымен қазақстандық  селекционерлер Марьям Сагитова мен Тадеуш Дзевицкийдің сұрыптап шығарған ерекше бөртегүлдердің  экология-биология бөлімінде өсірілген көшеттерін отырғызуға арналған «Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» атты іс – шара өтті.
Осы іс шараның нәтижесінде саябақтың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сиренгарийде бөртегүлдердің әр түрлі сұрыптарының ​ 200-ге жуық көшеттері өз орнын тапты.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық сана мен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, табиғатқа қамқорлықпен қарауды дамыту, Қазақстан селекциясының бөртегүлдерін сақтау және кеңінен насихаттау. Бөртегүлді ​ отырғызуда Алматы жасыл экономика басқармасы, Бостандық ауданының әкімдігі, GreenJenis ҮЕҰ ұйымдастыруда атсалысты. Көшеттерге арналған тыңайтқышты «ЭкоФермер» шаруа қожалығы ұсынды (директоры Тен Д.С.).«Қалаға бөртегүл сыйлаймыз!» акциясына балалар мен олардың ата-аналары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Тәтті сабақ»

Оқушылар сарайының ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінде «Жас математик» балалар ұйымында «Тәтті сабақ» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында балалалар «Сұңқар» және «Қыран» болып екі топқа бөлінді. Балаларға логикаға байланысты түрлі мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылды. Жалпы есепке алғанда «Сұңқар» тобы жеңіске жетті. Сабақ соңында балаларға қобдиша ішіне салынған тәтті сыйлар таратылды. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті, балалардың көңіл күйлері көтеріңкі болды.

«Асқабақтар» мерекесі

Оқушылар сарайының экология-биология бөлімінде асқабақтан жасалған бұйымдардан шығармашылық көрме өтті. Жас юннаттар асқабақтан ерекше әдемі және қызықты заттар жасап, көрмеге қойды. Көрермендер жас юннаттардың туындыларын жоғары  бағалады. Көрмеге балалар ұйымдарынан асқабақтан жасалған бұйымдар ұсынылды. Көрме соңында асқабақтар Зоология бөлімінде жануарларға берілді.