«Қазақ тілі» үйірмесінің бағдарламасы ауызша және жазба мәдениет ескерткіштерін, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды зерделеу арқылы оқушылардың қазақ тілінде күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде дағдысын қалыптастыруға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Сабақтар қазақ тілінде дұрыс жазуға, анық сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге қызығушылықты оятуға көмектеседі.
Сабақ барысында балалар қазақ әдебиетінің шығармаларымен танысады, пікірталастар мен рөлдік ойындарға қатысады, бұл олардың қазақ тілін жақсы түсінуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға көмектеседі.