Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында 2011-2020 жылға арналған білім мекемелеріндегі кешенді тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен балалар мен жасөсперімдер арасындағы «Балдаурен» атты республикалық ән-би байқауы 2018 жылдың 13-14 сәуір аралығында өткізіледі.
1. Байқаудың мақсаты:
Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу.
2. Байқаудың міндеттері:
Балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін арттыру.
3. Байқаудың өткізу шарттары
3.1. Байқау бес жанр бойынша өтеді:
– аспапта ойнау;
– дәстүрлі ән;
– эстрадалық вокал;
– хореография;
– театрланған сән үлгісі.
3.2. Байқауға қатысушылардың жас ерекшіліктері:
– кіші топ 6 жастан 9 жасқа дейін;
– орта топ 10 жастан 13 жасқа дейін;
– жоғары топ 14 жастан 18 жасқа дейін.
3.3. «Аспапта ойнау» жанры бойынша екі шығарма орындайды. Дуэт, трио, квартет, шағын фальклорлық ансамбльдер қатыса алады.
3.4. «Дәстүрлі ән» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен екі ән орындайды.
3.5. «Эстрадалық вокал» жанрында қатысушылар эстрадада еркін тақырыпта екі ән орындайды. Ән тірі дауыста айтылуы қажет. Дуэт, трио, квартет, 12 адамнан аспайтын вокалды топтар қатыса алады. «Бэк» вокал рұқсат етіледі.
3.6. «Хореография» жанры бойынша әр топ екі би орындайды: еркін тақырыпта.
3.7. «Тетарланған сән үлгісі» жанры бойынша қатысушылар бір сәндік қойылым көрсетеді.
3.8. Бағалануы:
Вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, ұлттық аспапта ойнау шеберлігі мен дәстүрлі әндегі дыбыс ұзақтығындағы орындаушының дауыс ырғағының кеңдігі, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы.
Барлық қатысушылар өз мини-дискілеріне және флешкаларына орындаушының аты-жөнін, әннің реттік номерін, жанрының атын жазып көрсетулері қажет.
4. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау.
4.1. Қазылар алқасының құрамында өнер қайраткерлері, композитор, ақын, әнші, хореограф, белгілі педагогтар болады.
4.2. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Жинаған сан ұпайы бойынша жас орындаушылар қатарынан байқаудың жүлдегерлері анықталады.
4.3. Байқаудың қорытындысы әр жанр бойынша марапаттау беріледі:
Бас жүлде («ұлттық аспапта ойнау», «эстрадалық вокал», «дәстүрлі ән», «хореография» жанрлары бойынша) – арнайы диплом және сыйлық.
І орын – лауреат дипломы және сыйлық
ІІ орын – лауреат дипломы және сыйлық
ІІІ орын – лауреат дипломы және сыйлық
Байқауға қатысқан өнерпаздар дипломмен марапатталады. Байқауға қатысушыларды дайындаған педагоготарға алғыс хат тапсырылады.
5. Байқаудың өткізілетін орны мен мерзімі
5.1. Байқау 2018 жылдың 13-14 сәуір аралығында Алматы қалалық Оқушылар сарайының Үлкен Концерт залында өтеді.
5.2. Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2018 жылдың 11 сәуірге дейін өтініш-саулнамаға оқушының аты-жөні, репертуары, шығарманың авторы, жетекшісінің аты-жөні, телефон номері, мектеп номері туралы мәліметтер жазылып, электронды почтаға жіберіліп, тапсырылсын.
Байқауға қатысу үшін жарна ақысы төленеді.
Жеке орындаушылар – 10000 теңге, шағын ансамбльдер (дуэт, трио, квартет) – 15 000 теңге, ансамбльдер – 20000 теңге.
Біздің мекен жайымыз:
Алматы қаласы, Достық даңғылы 124, Оқушылар сарайы.
Байланыс телефондары: 8 (727) 264 34 55, 8 (701) 680 17 09.
Электрондық адрес: bbektaev@mail.ru