Пікірсайыс клубының бағдарламасы «ТҰЛҒА – ТҰЛҒА» контекстінде жоғары сынып оқушыларының жеке тұжырымдамасын дамытуға бағытталған. Клубтың негізгі мақсаттары қазіргі заманғы коммуникациялар әлеміне бейімделу, сөйлеу техникасын дамыту, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік көшбасшылық технологияларды меңгеру және ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

Пікірсайыс клубындағы сабақтар барысында балалар оқу процесінде қарым-қатынасты ұйымдастырудың және өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін іздестіруді және меңгеруді үйренеді. Бағдарлама сыни ойлауды, өз көзқарасын дәлелдеу және сындарлы пікірталас жүргізу қабілетін дамытуға көмектеседі.