2026 жылғы 25 сәуір күні Алматы қаласының Оқушылар сарайында табиғаттың әсемдігі мен шығармашылықтың үйлесімін айшықтаған «Көктем көркі – қызғалдақ» атты қалалық фестиваль өтті. Аталған іс-шара Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімі тарапынан өткізіліп, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Фестиваль аясында өткен «Көктем сыйы» шығармашылық байқауында қатысушылар табиғи материалдар мен көктем гүлдерінен бірегей композициялар ұсынып, өз қиялы мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Ал «Көктемнің нәзік гүлі» атты сән көрсетілімінде жас дизайнерлер экологиялық таза және қайта өңделген материалдарды пайдалану арқылы табиғатты аялау идеясын көркем образдар арқылы жеткізді.

Сонымен қатар, «Менің қызғалдағым» атты шығармашылық пленэр мен экологиялық-биологиялық бөлім педагогтері ұйымдастырған шеберлік сағаттары қатысушылар мен қонақтарға қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуге және де өз қабілеттерін жаңа қырынан тануына мүмкіндік берген болатын.

Мерекелік бағдарлама аясында би және этно-ансамбльдер, вокалдық топтар, жеке орындаушылар мен аспапшылар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Көктемнің шуақты лебін сезіндірген бұл фестиваль сахна төрін шынайы мерекелік көңіл-күйге бөледі.

Белсене атсалысып, өзіндік ізденісімен ерекшеленген барлық қатысушыларға шынайы алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!