«Киім дизайны» үйірмесінің мақсаты – балаларды тігін өнеріне баулу және өз бетінше киім тігуді үйрету. Мұнда балалар дизайн негіздерін үйреніп, сурет салу мен модельдеу арқылы шығармашылықты дамытады. Үйірме оқушылары болашақта дизайнер мамандығын меңгеруге көмектесетін құнды дағдыларды меңгереді.
Үйірмедегі сабақтар теориялық және практикалық негізде жүргізіледі. Балалар қолмен және тігін машинасында жұмыс істеуді, матадан сәндік әшекей бұйымдарды жасауды, сөмкелерді, жұмсақ ойыншықтарды, қуыршақтарды жасауды үйренеді. Әрбір бала өзінің шығармашылық жобалары арқылы өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.