«Киім дизайны»

Үйірменің мақсаты – оқушылардың тігін өнеріне деген қызығушылығын арттыру, өзіне ұнайтын киім үлгілерін өз бетінше тігуге үйрету, сондай-ақ сурет салу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Үйірме оқушылары болашақта дизайнер мамандығын еркін меңгере алады. Үйірмедегі сабақтар теориялық және практикалық негізде өткізіледі. Мұнда қолмен жұмыс жасау және тігін машинасымен жұмыс жасау, матаның кішкене бөліктерінен түрлі сәндік әшекейлер жасау, сөмкелер мен жұмсақ ойыншықтар жасау, матадан қуыршақ тігу және т. б. сияқты практикалық сабақтар өткізіледі. Оқу жылының соңында оқушылар тігін өнерінің алғашқы негіздерін қалыптастырады.

Ходжамуратова Индира Аблаевна

Білімі: Алматы Технологиялық Университеті

Санат: Екінші

Еңбек өтілі: 14 жыл Білім алушылардың жасы: 9-16 жас