Керуен Сарай

Алматы қаласы Оқушылар сарайы «Географиялық өлкетану» балалар бірлестігінің қашықтан өткізілген сабағы. Педагог Лапиева Айша Конкаевна білім алушылар: Аманов Арсен, Садыков Бекарыс, Шиллибай Нұрасылмен «Түркістан. Керуен Сарай» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар таңғажайып Түркістан қаласының көрнекті жерлерімен, Керуен Сарай ғимаратының жаңа сәулетімен танысты.