2024жылдың 30-наурыз күні Оқушылар сарайында “Әншуақ” балалар әндерінің фестивалі аясында Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі Мұқашева Ләйлә Әбдіғаниқызымен кездесу өтті.
Ләйлә Әбдіғаниқызы – Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, бүгінде Алматы қаласының Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімі қызметін атқарады. Оның балаларға арналған “Досыма”, “Күз-тамаша”, “Тамшылар”, “Мен-елімнің ертеңі” т.б әндері бар.
Шығармашылыққа толы кездесу барысында Ләйлә Әбдіғаниқызының “Күз Тамаша” атты авторлық әні орындалды. Сондай-ақ “Атамұра” домбырашылар тобы халық әні “Үкілі қызды” орындаса, Оқушылар сарайының білімалушылары Дәуке Әмина “Қазағым-ай”, Кешубай Керімсал “Байтақ елім қазағым” әндерін орындады.
Музыка мен шығармашылыққа толы кешке қатысқан қонақтар ән әлемінің қызығына еніп, шабыт алды.