ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мемлекеттік тілде «Әншуақ» балалар фестивалі аясында Оқушылар сарайының оқушылары белгілі журналист, PR-менеджер, «Мен де жұлдыз боламын!» байқауының бас продюсері Лариса Мақсатқызымен кездесті.
Кездесу барысында Л.Мақсатқызы өнердегі тәжірибесімен оқушылармен бөлісті. Ал, кері байланыста оқушыларымыз әртүрлі сауалдарына толық әрі нақты жауап алды.
Сонымен қатар, «Балдәурен» домбыра балалар бірлестігінің шәкірттері ұстазы Төрехан Оразұлымен бірге «Секіртпе» күйін халыққа тарту етсе, «Шабыт» балалар бірлестігінің жас әншілері Ақжигитов Диас «16 қыз», Кешубай Айнамкөз «Саржайлау», Нұржан Альфия «Туған ел» әнін орындады.
Балалардың дарынын шыңдап, нағыз жұлдыз атану жолындағы арманын орындап жүрген байқаудың бас продюсері Лариса Мақсатқызына алғысымызды білдіреміз!