«МҰҚАҒАЛИ – ҒАСЫР АҚЫНЫ»

Оқушылар сарайының Көркем және қолданбалы өнер бөлімінінің онкүндігі аясында 9-ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты — ақынның туындылары арқылы оқушыларды әсемдікке, ұлтжандыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Сабақ барысында №108 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ақынның шығармашылығынан «Ғашықпын», «Пай,пай, Өмір!», «Жетімдер үні», «Ауылды аңсадым», «Ей, өмір» атты өлеңдерін оқыды.

Қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақыны Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт» әнін оқушыларымыз хормен орындап, ақынның түрлі тақырыптағы туындыларын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, сабақтың соңында оқушылар лирик ақынның сөзіне жазылған «Ұнатамын мен сені» әніне би биледі.