9 ақпан күні Оқушылар сарайында Мұқағали Мақатаевтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Жырлайды жүрек» атты қалалық көркемсөз оқу байқауы өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, жоғары дайындық деңгейін, сахна мәдениеті мен шынайы шеберлігін көрсетті. Байқау қаладағы дарынды білім алушылардың басын қосып, мәдени өмірдің мазмұнды әрі тағылымды шарасына айналды.
Өнерпаздардың өнері қазылар алқасының лайықты бағасын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қатысушылар мен жетекшілерге көркем сөз өнерін дамытуға және ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта жаңа шығармашылық табыстар мен биік белестер тілейміз!







