Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

Алматы қаласы Оқушылар сарайында 2022 жылдың 16 наурыздағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау туралы
отырыс өтті. Жиналғандар еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртудың нақты бағдарламасын қамтитын негізгі мәселелермен таныстырылды. Пікірталас барысында баяндамашылар Мемлекет басшысының білім саласы қызметкерлеріне толық қатысты: – «Халық болашағы қандай болмақ?» деген нақты тұжырымдарына тоқталды. Міне, осы сұрақтың жауабы ретінде –
«…Өзгерістерді әркім өзінен бастау керек» деген ой келеді. Ал болашақ қоғам мүшесін тәрбиелеу мен қалыптастыру білім беру жүйесіне, әсіресе, қосымша білім беру педагогтарына жүктелетіні анық.